Hi-Tech

Ресей әлемде жоқ атом станциясын құрап шықты

Ресейдің Арктика аймағына қарай бет алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей құрастырған әлемдегі алғашқы қалқымалы (жылжымалы) атом электр станциясы (АЭС) Арктиканы кесіп өтіп, Чукотка аймағындағы «жұмыс орнына» жөнелтілді. Ол Ресейдің шалғай аудандарын жылу мен энергиямен қамтамасыз ететін болады, деп хабарлады “RT.COM” сайты.

“Академик Ломоносов” деп ат қойылған бірегей кеменің жұма күні ресми жөнелтілу рәсімі өтіп, Мурманс қаласынан Арктикадағы Певек қаласының оңтүстік-шығысындағы портқа қарай аттандырылды. Жол, шамамен, мың шақырымға созылып жатыр. 
- Оның әлемде баламасы жоқ кеме, - деді «Росэнергоатом» филиалының директорының орынбасары, қалқымалы атом электр стансасын салушы Дмитрий Алексеенко,
“Академик Ломоносов” және оның көмекші кемелері ауа райының қолайсыздығына байланысты қыркүйек айының соңына дейін жетеді деп жоспарлануда. Нысан жылдың аяғында пайдалануға берілмек.
Чукотка - Ресейдің оқшауланған аймақтарының бірі, оның климаттық жағдайы құрылысқа кедергі келтіреді және оның ескі энергетикалық инфрақұрылымын ауыстыру қажеттілігі туындауда. Жаңа атом электр станциясы шалғай аймақта орналасқан жергілікті тұрғындар мен зауыттарды, сондай-ақ мұнай-газ қондырғыларын қажетті энергиямен қамтамасыз ете алады делінген.
- Мұндай станция құрылыс нысандарын сала алмайтын аймақтарға арнайы негізделіп құрастырылған. Сондықтан бізде энергия жетіспейтін және қуат өндіруші бекеттерді салуға жағдайы жоқ аймақтарға да энергия бере алатын мүмкіндік бар деген сөз, - дейді, - деді Алексеенко.