Саясат
Бармас бұрын телефон арқылы сөйлесті
“Hurriyet daily news” басылымының хабарлауынша, 23-ші тамыз, жұма күні Түркия президентінің кеңсесі Режеп Тайып Ердоғанның 27 тамыз күні Ресейге бір күндік сапармен барады деп мәлімдеді.
23 тамыз күні ертерек Владимир Путинге қоңырау шалған Ердоған соғыстан ығыры шыққан Сирия мен Ливиядағы жағдайларды талқылады.
Атап айтқанда, Асад билігінің Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласына шабуыл жасауынан «үлкен гуманитарлық дағдарыс» басталып, аймаққа қауіп төндіре бастағаны айтылды.
Бұған дейін Түркия мен Ресей Идлиб аймағында шапқыншылық ұйымдастырмауға әрі атыс жасамауға келіскен болатын.
Алайда Сирия билігі мен оның одақтастары атысты тоқтату ережелерін бұзып, Идлиб аймағына қарай шабуылдарын жиілетті.