Bugin
Кеңес дәуіріндегі кино жұлдыздары кімдер?
"Құралай көз, қолаң шаш, алма мойын қиғаш қас…" Қай заманда болмасын актрисалар әсемдіктің символы болып, мыңдаған табынушылары үшін мінсіз сұлулық иесі атанады.
Кеңес дәуіріндегі кино жұлдыздары кімдер? Кеңестік Қазақстанда танымал атанған арулардың ең үздік рөлдері қандай?
Меруерт Өтекешева – "Қыз Жібек" ("Қазақфильм", 1972) фильмінде басты рөлді сомдаған. Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков экранға алып шыққан ғашықтық хикаясы көрермендер жүрегінен орын тапты.
Бұл музыкалық комедияның әндері әлі күнге дейін халық ауызында. Басты рөлді сомдаған Лола Әбдікәрімованың жұрттың көңілінен шыққаны сонша, оның образына еліктегендер көп болды. Ғалияның ("Қыз бен жігіт", 1955 жыл) ұзын бұрымы, күміс көмей дауысы, қылығы, өткір тілі және ақ көңілділігі мен ашықтығы - әлбетте, мұндай қызға кімде-кімнің ұқсағысы келеді.
"Ән қанаты" фильміндегі ("Қазақфильм", 1966 жыл) Сәбираның рөлін Торғын Тасыбекова сомдаған – бұл Қазақстан киносының алтын қорына енген айшықты образдардың бірі.
Баян Әділова – бұл сұлу қыз "Алдар көсе" ("Қазақфильм", 1965 жыл) картинасындағы рөлімен есте қалды. Киноның режиссері – Шәкен Айманов.
Қазақ кинематографының жұлдызы Шолпан Алтайбаева бірнеше рөлі арқылы танымал болып, сұлулықтың символына айналды. "Ата-бабалар жері", "Ән қанаты", "Тақиялы періште" – актерлік шеберлігімен бұл фильмдердің көркін ашқаны сөзсіз. Суретте: Шолпан Алтайбаева "Ән қанаты" фильмінде (Режиссері Әзербайжан Мәмбетов, "Қазақфильм", 1966 жыл) Лейла рөлінде.
Гүлфайруз Ысмайылова – танымал суретші, бірақ қылқалам шебері ретінде ғана емес, бірнеше фильмге түсіп отандық кинематографқа қосқан теңдессіз үлесінің арқасында есімі тарихта қалды. Суретте: "Ботагөз" фильмінен кадр, 1957 жыл.
Абдола Қарсақбаевтың "Даладағы қуғын" (1979 жыл) фильмінде Айгерім есімді жас қыздың рөлі Гүлнара Досматованың актрисалық мансабындағы алғашқы баспалдақ болды. "Тоғысқан тағдырлар" және "Қара шегіртке" телехикаяларындағы бейнесін көрермен жылы қабылдады.
"Менің атым Қожа" фильміндегі сүйкімді мұғалима бәрінің есінде шығар? Театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова ерекше дарыны және мінсіз сұлулығының арқасында халықтың жадында мәңгі сақталады.
Наталья Орынбасарованың ерекше келбеті мен актерлік дарынын режиссерлердің байқамауы мүмкін емес еді. Кеңестік актриса қысқа уақыт ішінде өз заманының ел аузында жүрген хас сұлуына айналды. "Алғашқы ұстаз", "Мәншүк туралы жыр", "Нанның дәмі" және тағы басқа көптеген фильмдерге түскен.
Данагүл Темірсұлтанова "Асу" ("Қазақфильм", 1986 жыл) фильмінен соң танымал жұлдызға айналды. Дарынды актриса Мұхтар Әуезов атындағы театр сахнасында алуан туралы әйел бейнесін сомдады.
Дереккөз:sputniknews.kz