Weekend

Шаршы қарбыздың отаны қайда?

Фермерлерге үлкен табыс әкелуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шаршы қарбыз, дәлірек айтқанда, «куб қарбыз» ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Жапонияда пайда болды. Шикоку аралындағы Зенцужи қаласының фермелері будандастырып шығарған.

Мұндай ерекше қарбызды өсіріп шығаруына жергілікті фермелердің өнімі өте төмен әрі табысы аз болғаны себеп болған. Шаруалар өзара ақылдаса келе, ерекше өнім ойлап табуға, сол арқылы табысқа кенелуге келіскен.  

Кагава префектурасының ауылшаруашылық кооперативінің басшысы Ямошито мырза мәселені шешудің өзіндік жолын ұсынып, таңқаларлық қарбыз, «шаршы қарбыз» өсіру туралы ойын айтқан көрінеді.

Содан бастап, яғни, 1965 жылдан бастап Зенцужи қаласы шаршы қарбыздың отанына айналады.