Woman
1971 жылдан бері аталып келе жатыр
26 тамыз - Әйелдер теңдігі күні. Бұл атаулы күнді ұсынған - американың қоғам қайраткері, адвокат Белла Абзуг.
Белла Абзуг (1920-1998) - америкалық саясаткер, заңгер, қоғам қайраткері, жазушы, жаңалықтар комментаторы. Оның ата-анасы АҚШ-қа Ресейден көшіп келген.
1970 жылы ол Америка Конгресіне сайланған алғашқы еврей әйел болды (ол 1971 жылдан 1976 жылға дейін жұмыс істеді). Өмірде өте белсенді әйел болған. Басына киіп жүретін шляпасы да көптің есінде қалғаны сөзсіз.
Жалпы, әйел теңдігі мәселесі, оны ресми күн ретінде белгілеу проблемасы 19 ғасырдың ортасында-ақ басталған болатын.
1848 жылы Сенека-Фоллдағы әйелдер құқығы жөніндегі конференцияда (Сенека-Фоллз Әйелдердің құқықтары туралы конвенция) бір топ энтузиастар жиналып, «барлық ерлер мен әйелдер тең жаратылған» және «Жасаушы оларға бөлінбейтін құқықтар берді» деп жариялады. Ассамблея бүкілхалықтық қозғалысқа айналды, соның арқасында 1920 жылы әйелдерге сайлау құқығы берілді.
Әйелдерге азаматтық құқық беру туралы талаптар күшейіп, әйелдер қозғалысы кеңейе түскен сайын, заңға да кезең-кезеңімен өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. Бұған да ұзақ уақыт кетті.
Алайда әйелдердің құқығын таптап отырған елдер әлі күнге дейін бар. Мұндай елдерде әйелдер әлі күнге дейін бала күнінен тұрмыс беріледі не жезөкшелікке мәжбүрлі түрде салады.
Сондықтан әйелдердің теңдігі күнін атап өту кезінде Америка үкіметі мен АҚШ-тың мамандандырылған ұйымдары бүкіл әлемдегі әйелдер құқығын қорғауды жалғастыруда.