Weekend

Қыз шет елге әуес болып барады

Қазақ қызы тек қазақпен бақытты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төменде жазылған кішігірім мақаланы оқымас бұрын, шамалы ой толғатып көрелік. Бағзы замандағы аналарымызды көз алдарыңызға елестетіңіздер. Тағдырдың ауыр азабы келсе де, жүзінде күлкі нышаны еш кетпеген. Жұбайының қате кемшілігін бетіне баспастан еңсесін тіктеп жүрген қарапайым ауыл әйелі көз алдымызға келеді. Ері қазақ, өзі қазақ қандай жарасымды жұп. 

Ал енді болашақ туралы ойысалық. Келер ұрпақ бұрынғы аналарымызды көз алдымызға бір сәт елестетелік деген де қандай бейнені ойлайды. Әрине айтпасам да бетенеден анық. 

Жақында әлеуметтік желіде бір әпкеміздің өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны туралы оқыған кезімде әлі жас болсам да көзіме еріксіз жас алдым. Жүрекке қатты әсерін тигізді.

Қазақ қызы не себепті шет ел азаматтарына тұрмыс құру үстінде. Ақша үшін бе? Жоқ әлде өткінші сезім үшін бе? Ақша үшін болса, ол ақшаның да таусылары айдан анық. Сезім деген өте құбылмалы: бүгін ғашық болып, ертең жек көру қалыпты жағдай. Мүмкін мен қателесіп отырған шығармын. Басқада себептері бар шығар. О жағы тек бақылап тұрған Жаратушыға аян.

Менің сіздерге айтайын деген негізі сөзім - қазақ қызы тек қазақпен бақытты!