Экономика
Қытай Америкадан қарымта қайтарамын деп отыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компаниялар дереу Қытай нарығына балама іздеуі тиіс деп мәлімдеді. Себебі Қытай да бұл сауда соғысында қарап қалмасы анық.
Оның айтуынша, Құрама Штаттар ҚХР үшін ұзақ жылдар бойы «триллион доллар» жоғалтты.
- Біздің тамаша американдық компанияларға дереу Қытайға балама іздеуді бастауға бұйрық берілді, — деп Трамп өз Twitter парақшасында жазып, барлық өндірісті АҚШ-қа көшіруге шақырды.
Ақ үйдің басшысы 23 тамызда, жұма күні ҚХР бажына жауап беруге уәде берген болатын.
Бұған дейін Қытай жылына $75 млрд сомаға америкалық тауарлардың импортына 10% және 5% көлемінде қосымша баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады.
1 тамыз күні Трамп 1 қыркүйектен бастап Қытайға $300 млрд сомаға 10% көлемінде баж салғанын жариялады. Кейін АҚШ 15 желтоқсанға дейін кейінге қалдырған еді.
fan.az
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61