Спорт

Елдос Сметов әлем чемпионатынан қола жүлде әкелді

2019 жылғы әлем чемпионаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

60 келіде өнер көрсеткен Елдос Сметов жерлесіміз "қола" жүлдеге тартыс кезінде Гусман Қырғызбаевпен кездесті.

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев арасындағы тартысты кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Ал қосымша уақытта Сметов "иппон" әдісімен жеңіске жетті.

Сметовты ширек финалда жапониялық Рюдзю Нагаяма тоқтатты. Ал, Қырғызбаев жартылай финалға жетіп, Өзбекстаннан келген Шарафутдин Лутфуллаевқа жол берді. Нәтижесінде Сметов пен Қырғызбаев "қола" үшін тартысқа түсіп: біріншісі – үшінші орынды, ал екіншісі – бесінші орынды иемденді.

Сондай-ақ, әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан өкілі Отгонцеццег Галбадрах 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жетінші орынға тұрақтады.

Vesti.kz