Woman
Арулар қауымы үшін өз имиджін қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі – иіссу және оны дұрыс таңдай білу
Себебі сіздің күнделікті қолданатын иіссуыңыз сіз жайлы біраз құпияны ашуы мүмкін. Әтірдің түрі мен иісін әркім өз қалауынша таңдайтыны анық, бірақ оны қолдану әдісі бәріне ортақ. Әтірді де косметикаңыз секілді дұрыс қолдану керек. Әтір сепкенде көпшілік жіберетін 3 қателікті оқып шығуды ұсынамыз.
Әтірді білегіңізге сепкен соң, үйкемеңіз
Әтір иісі үстіңізде ұзақ сақталғанын қаласаңыз, тамыр көрінетін жерлерге, яғни білекке, иыққа тіпті құлаққа да себуге болады. Сізге таныс бұл ережеде қандай қателік бар деп ойласаңыз, әтірді білегіңізге сепкен соң, үйкемеңіз. Себебі білектерді бір-біріне үйкеген кезде тері қызатындықтан әтір құрамындағы кей қасиеттер ұшып кетеді де, иісі ұзаққа сақталмайды.
Шашыңызға себуге болмайды
Құрамында алкоголі бар әтірлер негізінен шашты құрғатып жіберді. Ал тым құрғақ шаш тез сынғыш, әлжуаз болып қалады. Әрі шашқа себілген әтір иісінен тек жуыну арқылы ғана арыла аласыз.
Құрғақ теріге сеппеңіз
Ескеруіңіз керек үшінші кеңес: «құрғақ теріге әтір себуге болмайды». Үстіңізде әтір иісі біршама уақыт сақталсын десеңіз, алдымен теріңізге ылғалдандырушы крем жағып алғаныңыз жөн.