Woman

Бетті дақтан тазалайтын ең мықты құрал

Газды су бетті дақтан арылтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мінсіз тері құпиясы ретінде күніне 2 литр су ішудің пайдасы қандай болса, газдалған судың да беттегі дақты кетіруге септігі мол.  

Соңғы уақытта голливуд жұлдыздары бетті жай сумен емес газдалған сумен жуу арқылы беттегі дақтармен оңай қоштасатыныңыз жайлы айтуда. Алайда мамандар газдалған судың теріге пайдалы тұстары бар-жоғын енді зерттеп, қорытынды жасауда.

Пиллинг орнын алмастыра алады

Газдалған суға бірнеше секудка бетіңізді салып алу «пиллинг» сияқты әсер ете алады. Әдетте пиллинг теріні өлі жасушалардан тазартады, жаңаруына септігін тигізеді, пигментациямен тіпті әжімдермен күресуге де көмектеседі. Газды сумен бетіңізді жуу арқылы бетіңіздің терісі тегістеледі.

Тоник ретінде қолдануға болады

Бұл үшін газды суға онымен бірдей мөлшерде лимон суын қосу қажет. Бетіңізді тоникпен сүртіп жүргендей, қарапайым мақта дискілерін осы тұнбаға малып, ұйқыға жатар алдында бет пен мойынды сүртіп жатуыңызға болады. Ескертер жайт, бұл құрғақ бет терісіне арналмаған.

Маскаға газды су қосуға болады

Газдалған суды бетке қолданатын маска түрін дайындауда да қолданады. Егер үй жағдайында бетіңізге маска жасайтын болсаңыз, онда көрсетілген судың орнына сіз газды суды қосып жасауыңызға болады. Маскадан соң бетті тек газды сумен жуудың өзі беттегі тыртықтың жойылуына көмектеседі.