Weekend
Ешкім жазалай алмайтын ұрылар бар, олар сенің уақытыңды ұрлаушылар
Уақыт - құдды бір сахара даласындағы сусылдаған құмдай сырғып өтіп жатыр. Күніне тіпті сағат сайын неше түрлі жаңалықтар ашылу үстінде. Осыдан жүз жыл бұрын екінші бір адаммен бетпе-бет отырғандай байланысқа шығу арман еді. Ал қазір үйреншікті болып қалды тіпті мән бермейміз.
Осылай өзгерістер арқасында біздің де күніміз өту үстінде. Тек өзгерістерді бақылап таң тамаша болып отыру қалыпты жағдайға айналды. Болып жатқан өзгерістердің соның ішінде. Біздің жанымыздан тастамай ұстайтын ұялы телефонымыздың қаншалықты зиянды екенін білесіз бе? Білмесеңіз толық оқыңыз!
Заман дамуының арқасын да шыққан бұл құрылғы, сіздің басқа дамуды жүзеге асыруға кедергі жасайды. Жоғарыда атап өткендей уақыт ең басты керек нәрсе. Даму үшін әуелі уақыт қажет. Ал бізде уақыт жоқ. Қандайда бір кезіккен адамнан қолың боспа деген сұрақты айтар болсаңыз. Естір жауабыңыз "уақыт жоқ, соңғы кездері уақыт жетпей жатыр" т.б тізбектеп жазатын болсақ уақыттың тапшы екенін айтатын мыңдаған жауаптар.
Негізінде ұялы телефон біздің уақытымызды ұрлау үшін емес. Уақытты тиімді пайдалану үшін шығарылған дүние. Байланысқа немесе алыс - жақын жерден мәміле жасауға арналған. Айта кетерлік танымал айфон ұялысын ойлап тапқан ғалым. Стив Джобстің отбасы қалта смартфонын тек сенбі, жексенбі күндері пайдаланады екен.
Бізде керсінше таң атқаннан қара түн жамылып ұйықға кеткенше ұялымызбен біргеміз. Қалжың ретінде айтылған мынадай бір сөз бар еді: "үйде интернет өшіп қалып еді, үйдегі адамдармен сөйлестім, жақсы кісілер екен" әзіл болса да шындық...