Саясат

Сақалдарыңды қырыңдар: Өзбек полицейлері рейд жүргізіп жатыр

Бұл мәселеге не себеп болғаны белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ташкенттегі "Малика" ("Флешка") ірі электроника нарығының бірінде 23 тамызда сақалы бар ер адамдарға қарсы рейд өткізілді, деп хабарлайды "Озодлик" басылымы куәгерлерге сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сақалы бар ондаған (BBC есебі бойынша, жүздеген) ер адамды ұстап, ішкі істер бөліміне апарып, сақалдарын қырып тастауға мәжбүр еткен. 

Полицияның қолына түскен тұрмыстық техника саудагері рейдтің түстен кейін басталғанын айтады. Оның айтуынша, милиционерлер оларды отырғызамыз деп қорқытқан. Келіскендерін жіберіп, бас тартқандарын қамауға алған.

- Мұсылман үшін сақал өсіру - сүннет. Сақалы бар азаматтарға қысым көрсету - заңға қайшы әрекет болып табылады, - деп пікір білдірді Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы.

Жергілікті билік тарапынан әзірге ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61