Саясат
Атамбаевтың жауы Мира Жанғарачева мен Құрсан Асановтың арасындағы әңгіме телефонға жазылып қалған
Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы бұрынғы ішкі істер вице-министрі Құрсан Асанов пен Ұлттық Бейнелеу музейінің директоры Мира Жанғарачеваның арасында болған аудиожазбаны тексеру туралы ашық жат жазып, Ішкі істер министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасына жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Knews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қос басшының телефон арқылы сөйлескен сөзі 2019 жылдың 7 тамыз күні жазылып қалған көрінеді.
Бұл жазбаның өзі Беспредел.kg парақшасында жарияланған.
- Сіздерден бұл аудиожазбаға сараптама жасап, кімнің дауысы екендігін анықтауды сұраймыз. Біз де өз кезегімізде, шетелдегі халықаралық сараптама жасаушы ұйымдарға аталмыш аудиожазба мен Мира Жанғарачеваның қатысуымен түсірілген деректі филльмдер мен басқа да ресми аудиожазбаларды жібергенімізді хабарлаймыз, - деп жазылған хатта.
Хат иелері телефон жазбасына қатысты Мира Жанғарачева мен Құрсан Асановтан сұрақ-жауап алынуын, жазба расталған жағдайда, оларға қатысты қылмыстық іс ашылуын өтінген.
Осы орайда айта кеткен жөн, хат иелерінің айтуынша, Мира Жанғарачева кезінде Ақаевтың жүйесін қолдаған, отбасылық клан режімін орнатуға барынша ат салысқан адам әрі бұл жүйені құлатқан Алмазбек Атамбаевқа деген өкпесі «қара қазандай».
- Біз ешқашан Мира Жанғарачеваға жамандық тілеген емеспіз әрі тілемейміз де, ол туралы теріс ойымыз да жоқ. Алайда оның мұндай әрекеті адами қасиет тұрғысынан да, жоғарғы мемлекеттік қызметкер ретінде де өте әдепсіздік деп танимыз, - дейді хат жазушылар.