Саясат

Нұр-Сұлтан мен Алматыда лесбиянкалар мен гейлер митингіге шықпақ

Митинг өткізу туралы өтініш екі күнге берілген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір белсенді Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұңғыш рет ЛГБТ (Lesbian, Gay, Bisexual, Transgender) митингін өткізуге өтініш берді. 

22 тамызда астаналық белсенді Айдар Елкеев “Қазақстандағы ЛГБТ-қауымдастығының құқығын, заңды мүдделерін қорғау” мақсатында митинг өткізуге екі өтініш берді. Бірі Алтай Көлгіновтің атына жазылып, Нұр-Сұлтан әкімдігіне жолданды, екіншісі Алматы әкімдігіне, Бақытжан Сағынтаевтың атына кетті.

Митинг өткізу туралы өтініш екі күнге берілген - 30 тамызға және 8 қыркүйекке.

Әкімдіктер рұқсат берген жағдайда, Нұр-Сұлтандағы митинг сағат 10-да А.Пушкин мен Ш.Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы бақта өтеді. Оған 1000 адам қатысады деп күтілуде.

Алматының митингі де сағат 10-да “Сары Арқа” кинотеатрының артындағы бақта өтпек. Оған да 1000 адам қатысады деп жоспарлануда.

zakon.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61