Саясат

Қытай: Егер АҚШ баж салығын арттыратын болса, біз де қарап қалмаймыз!

Пекин де есе жібермейді екен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егер АҚШ Қытай тауарларына қосымша баж салығын көтерсе, Қытай қажетті жауап шараларын қабылдайды, деп мәлімдеді ҚХР СІМ ресми өкілі Гэн Шуан.

Оның айтуынша, қорқыту мен үркітулер Пекинге әсерін тигізбейді.

- Егер АҚШ шын мәнінде, осы қадамға барса, онда Қытай өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды жалғастырады, - деп жазады қытай елшілерінің сөзін РИА Новости.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 2019 жылдың қыркүйек және қазан айларында Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығының артқанын хабарлады. Қытай наразылық білдірген болатын.

Кейінірек американдық көшбасшы Вашингтон мен Пекин сауда мәселелері жөніндегі диалогқа қайта оралатынын айтты.

РИА Новости