Саясат
Ресейді клубқа қосудан бас тартты
Бұл туралы AFP агенттігі Twitter-аккаунтында жазған.
Сөйте тұра, агенттіктің дипломатиялық ортадағы дереккөзі берген ақпаратқа сай, G7 басшылары Ресеймен қарым-қатынасты күшейтуді қолдап отыр. Мұны жеті мемлекеттің басшылары мақұлдаған.
Агенттік атап өткендей, бұл мәселе сенбі күні, 24 тамызда Франциядағы Биаррица шамшырағының етегіндегі бейресми кешкі ас барысында талқыланған.
25 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жетіліктің" келесі саммитіне ресейлік әріптесі Владимир Путин шақырылуы мүмкін екенін айтқан. Кремль өкілі Дмитрий Песков өз кезегінде Ресейге ондай шақырту келіп жатса, оның міндетті түрде қаралатынан жеткізді.
G8 форматы 2014 жылы, Қырым Мәскеудің қарамағына өткеннен кейін тоқтатылған болатын. Сол кезде әлемнің жетекші державаларының басшылары Ресейдің төраға ретінде Сочиде өткізуі тиіс болған "сегіздік" саммитіне қатысудан бас тартты. Оның орнына Брюссельде "жетіліктің" (Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония, Италия және Канада) кездесуі өткен еді. Саммитке сондай-ақ Еуроодақ өкілдері (ЕО кеңесі мен Еурокомиссия өкілдері) қатысады.