Weekend

ШҚО: Толағай сұлтаны - 2019

Шығыс Қазақстан облысында "Толағай сұлтаны-2019" атты халықаралық спорттық-шығармашылық байқауы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Көкпекті ауданындағы ипподромда "Үздік жігіт" анықталуда. Бұл "Толағай сұлтаны-2019" атты халықаралық спорттық-шығармашылық байқауының алғашқы кезеңі екенін атап өткен орынды. Байқау биыл Қазақстан Республикасында жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылуда.
Спорттық сайысқа Ресей Федерациясының Алтай өлкесінен, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан келген 23 жас жігіт қатысып, кім мықтыны анықтауда. 
Байқау екі күнге созылады. Оған қатысушылар 24-25 тамыз аралығында спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, өзара бақ сынаспақ. Байқаудың бас жүлдесіне - автокөлік тігілген.
Күні бойы "Үздік жігіт" байқауынп қатысушылар үздік мергенді анықтап (жамбы ату), аттың құлағында ойнайтын жігіттер теңге ілу, қол күресу, аударыспақ, қазақ күресі сынды спорт түрлері бойынша жарысуда.
- Өткен жылы осыған ұқсас "Жігіт сұлтаны" байқауын өткіздік. Ал биылғы байқау тоғыз жасында ел-жұртты құрғашылықтан аман алып қалу үшін тау көтерген Толағайдың құрметіне орай ұйымдастырылуда. Бұл тау осы жарыс өтіп жатқан маңайда орналасқан. Алдағы уақытта ол жақтв туристердің сүйікті орнына айналатына сенемін, - деді Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.