Спорт

Гризманн: «Алтып допты» алу үшін бұдан артық тағы не істеу керек екенін білмеймін

Антуан Гризманн

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция ұлттық құрамасы жəне «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн 2018 жыл қорытындысы бойынша «Алтын доп» жүлдесін ала алмағанына өкпелі емес екенін жеткізді.

«Өкпелеген жоқпын. Биыл Әлем Чемпионы болғаныма қатты қуанамын. Келешекте Модричтің орынында клубтағы немесе ұлттық құрамадағы серіктестерімнің бірі болғанын қалаймын. 

2018 жылы Еуропа Лигасы жəне Əлем Чемпионатында жеңіске жеттім, «Алтын доп»-ты алуым үшін тағы не істеуім керек еді дейсіз бе? Оны өзім де білмеймін», - деп айтқан Гризманның сөздерін келтірді  Goal.com.

Естеріңізге сала кетейік, Антуан France Football  сауалнамасы  нəтижесінде, португалдық Криштиану Роналду жəне жеңімпаз Лука Модричтан кейінгі үшінші  орында иеленген болатын.