Саясат
Не үшін Ресейді жақтап жүр екен
АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жетілікке" қатысушы елдердің көшбасшыларымен Ресейдің қайтып оралуы мәселесі бойынша сөзге келіп қалған. Бұл туралы The Guardian дипломатиялық ортадағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ақпаратына қарағанда, америкалық көшбасшы осы бастамаға қарсы шыққан саммиттің басқа қатысушыларының дәлелдерін жоққа шығарды. Ол Ресейдің қатысуы Иран, Сирия және КХДР сияқты мәселелерді талқылау үшін қажет екенін атап өтті.
Трампты тек Италия премьер-министрі Джузеппе Конте қолдаса, Жапония премьер-министрі бейтараптық танытып, Германия, Ұлыбритания, Канада, Франция басшылары мен Еурокеңес басшысы Дональд Туск Ресейдің G7-ке қайтып оралуына жол бермеу керек деген мәлімдеме жасаған.
Басылымның сұхбаттасушысының айтуынша, осы сәтте жағдай қыза бастаған.
- Көшбасшылардың көпшілігі G7-ні отбасы, клуб, либералдық демократия қоғамдастығы болып қала беруін талап етті, сондықтан олар Трампқа президент Путиннің қайтып оралуға мүмкіндік бермейтіні туралы айтты, — деп атап өтті дерек көзі.
Бұған дейін 25 тамызда "үлкен жетілік" саммитіне қатысушы елдердің көшбасшылары Ресейді клубқа қайтарудан бас тартып, бірақ Ресеймен байланысты күшейтуге қарсы емес екендерін жеткізгендігі туралы айтылған.