Саясат

Путин Зеленскийге КГБ-ФСБ тактикасын қолдануда

Сарапшы Путиннің Украина президентімен алдын ала келіссөздер жүргізгісі келетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сарапшы Путиннің Украина президентімен алдын ала келіссөздер жүргізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды “Unian” ақпараттық агенттігі.

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Володымыр Зеленскийдің өзіне қатысты көзқарасын «зерттеу» үшін КГБ-ФСБ тактикасын қолдануда деп санайды әскери құқықтық зерттеулер орталығының жетекшісі Александр Мусиенко.

Мусиенко Путиннің Украинаның жаңа үкіметінің сақтықпен жасаған оптимизмі туралы мәлімдемесіне түсініктеме беріп, “Obozrevatel” тілшісіне:

- Менің ойымша, Путин украин президентіне әсер етуге тырысады деп ойлаймын. Соның ішінде мемлекет басшылары арасындағы екі реткі телефон арқылы сөйлесулері де қамтылады, - деді.

Сарапшы Путиннің Украина президентімен алдын ала келіссөздер жүргізгісі келетінін айтты.

- Өйткені оны алдымен зерттеу, психологиялық портретін түсіну, оның қалай әрекет ететінін және оған қалай мәміле жасау керектігін көру Путинге өте пайдалы ... Содан кейін оны өз бақылауына алады. Бұл, шын мәнінде, КГБ-ФСБ-тің тактикасы, - деп сөзін толықтырды Мусиенко.