Weekend
Шығыс Қазақстан облысында «Толағай сұлтаны-2019» спорттық-шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды
Әсіресе, Бесқарағай ауданынан келген Данияр Бекболатовтың серіктесімен бірге аралас жекпе-жектен үзінді көрсеткені көрермендердің есінде ұзақ уақыт бойы сақталары сөзсіз.
- Барлық қатысушылардың дайындығы мықты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс маған ерекше күш-жігер берді. Қол күрестен екінші орын алдым. Домбырамен терме айтып, музыканың сүйемелдеуімен өлең оқыдым. Бұдан соң жолдасымен бірге аралас жекпе-жектің әдіс-тәсілерін көрсеттік. Мұндағы басты мақсат – жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын насихаттау, - деді Данияр Бекболатов.
Шығармашылық байқаудың соңында викториналық сұрақтар қойылды. Қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдебиетінен, ақын-жазушылардың шығармашылығынан сыр шертетін сауалдарға жауап берді. Бұдан соң қазылар алқасы мірдің оғындай мықты жігіттердің ішінен жеңімпазды анықтауға жөнелді. Ал аудан тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға барып, әншілер мен бишілердің өнерлерін тамашалады.
Байқаудың қорытындысы бойынша үшінші орынды Павлодардан келген Батырбек Қошқарбаев иеленді. Оған 500 мың теңге табысталды. Екінші орынды алған Тілеухан Нұрханға 700 мың теңге ұсынылды. Ал байқаудың екі кезеңінен сүрінбей өткен Түркістан облысының тумасы Ақбар Елубайұлы 1 миллион теңгені қанжығасына байлады. Бас жүлде Абай ауданының намысын қорғаған Айдос Үркімбаевқа бұйырды. Ол сужаңа Lada Granta автокөлігін тізгіндеді.
Іс шараға Көкпекті ауданының дамуына өлшеусіз үлес қосқан жандар мен құрметті азаматтар да қатысты. Соның бірі орта білім беру жүйесіне ақпараттандыруды енгізген танымал физик, профессор, математик Адамбек Татенов. Ол таяуда Тассай ауылы мен Бесқарағай ауданындағы мектепке виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстарды жүргізетін кешенді тарту етті. Оның көмегімен химия, биология, физика пәндерін жүргізуге болады.