Bugin
Әкімдіктен шығып бара жатқан кезде атылған
Галина Арзамасова есімді белсендіге Алматы облысының Талғар аудандық әкімдігінен шығып келе жатқан кезінде оқ атылды, деп хабарлайды Tenginews.kz сайты.
Оқиғаның 26 тамыз күні болған.
- Оқтың неден атылғаны белгісіз. Оқ тиген жоқ, соған қарағанда атылған партонның оғы емес. Оқиға орнына полиция келіп, жазып әкетті. Ал белсендінің өзі медициналық көмектен бас тартты. Қазір маңайдағы бейнебақылау камераларын тексеріп жатырмыз, - деді аудан әкімінің орынбасары Дәрмен Қадырбекұлы.
Бірақ Галина Арзамасова бәрібір ауруханаға барған көрінеді. Бұған белсенді Салтанат Ташимованың Фейбук парақшасында жарияланған видеожазбасынан байқауға болады. Ташимованың айтуынша, бұл Галинаға жасалып отырған алтыншы «қастандық» екен, нақтырақ айтсақ, үркіту, қорқыту болғанға ұқсайды.
Ал Галина Арзамасованың өзі Панфилов ауылдық округінің әкіміне заңсыз ағаш кесу, заңсыз жер телімдерін тарату мен көпір салу, көшеге жарықшамдар орнату сынды мәселелерді айтып шағымданып жүрген.