Саясат

«Nur Otan»-да тағы да тағайындау

Ғабидолла Оспанқұлов «Nur Otan» партиясының хатшысы болып тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.

- Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов «Nur Otan»-ның Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі «Nur Otan»-ның идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін, - деп жазды ол.

Оспанқұловтың өзі 38 жаста.

Бұған дейін:

ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі;

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;

Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры;

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы,

БҚО әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61