Саясат

Телеарнаға телмірген халық кімге сенеді?

БАҚ - идеологиялық қару

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тамыздың 21 күні Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.

Аталған кеңестің кеңейтілген отырысы туралы БАҚ беттерінде жаппай ақпарат берілді. Сынау да, мақтау да, даттау да болған бұл отырыс туралы толыққанды жаңалықты ұсынған елдегі электронды БАҚ екенін айтпаса да түсінікті. Ал жаңалық таратып отырған телеарналар ше?

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы еліміздегі жетекші төрт арнаның ақпаратты беру тәсіліне үңілді. Атап айтқанда: Қазақстан Ұлттық телеарнасы, КТК, Хабар 24 және Информбюро 31.

Qazaqstan ұлттық телеарнасы: Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы

 

Ұлттық арнаның сайтындағы толық көрсетілім сілтемесі: https://kaztrk.kz/news/qogam/elbasynyn-qatysuymen-nur-otan-partiyasy-kenesinin-keneitilgen-otyrysy-otti-131213 

КТК: Саяси кеңес

Хабар 24: Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам.

Информбюро 31: «Нұр Отан» күшейеді

Төрт арнаның көргені, білгені және ақпаратты алған қайнаркөзі бір. Алайда, ақпаратты халыққа жеткізуге келген кезде төртеуі түгел болмады. Неге?

Ұлттық арнада көрсетілген ақпаратта негізінен көтерілген мәселелер мынау:

-   Фракция жетекшісін ауыстыру туралы;

-   Жетекші партияның атқарған еңбегінің нәтижесі;

-   Жобаларды қайта қарау, «Мирас» қоғамдық кеңесі туралы;

-   Зиялы қауым өкілдері туралы айтылған сын;

-   Партияның абыройын көтеру;

-   БАҚ саласындағы мәселелер;

-   ЖОО және ректорларды сынға алу, сыбайлас жемқорлық;

-   Ауылға жағдай жасау, жастарды тарту туралы;

-   Мәжіліс пен мәслихат сайлауының конституциялық мерзім бойынша өтетіні туралы;

-   Мемлекеттік сатып алу мәселесі;

КТК арнасында:

-   Маңғыстау облысы әкімінің баяндамасы;

-   Әкімдердің халыққа жақын болуы туралы;

-   Шымкенттегі партияның туының жұлынуы;

-   Мемлекетке қол жаятындар;

-   ЖОО және ректорлар

-   БАҚ саласындағы мәселелер;

-   Партия белгісін күнде кеудеге тағып жүру мәселесі;

Хабар 24 арнасының көрсеткен ақпараты:

-   Биылғы жыл Қазақстанның саяси өңірі үшін ерекше жыл болғанын атап өтті;

-   Партияның 20 жылдығы. Қ.Тоқаевтың сайлауда жеңіске жетуі және партияның жұмыс нәтижесін халық көріп отыр деген мәселелер;

-   Партияның алдағы жоспары;

-   Үкімет басшысының баяндамасы туралы;

-   Партияның жұмысы жаңғырту;

-   Халықпен диалог орнату туралы;

Информбюро 31 берген жаңалық:

-   Шымкенттегі партия туын қорғай алмаулары;

-   Парламенттегі партияның рөлін күшейту;

-   Парламент сайлауының уақытында өтуі туралы;

-   Партияның ұранымен аяқталған сәт.

Арналардың кеңейтілген отырысқа байланысты берген ақпараттарының ұзақтығы:

Qazaqstan Ұлттық арнасы: 7 минут 23 секунд;

КТК: 4 минут 7 секунд:

Хабар 24: 3 минут 51 секунд;

Информбюро 31: 2 минут 22 секунд.

Арналар партияның жұмысы туралы айтып, Елбасының сынауы жайында сөз қылып жатқан кезде, әлеуметтік желіде екі сиыр мәселесі қызу талқылға түсіп, мемлекетпен ақылдаспай жасалған проблемалар көтеріліп жатты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61