Саясат
G7 саммитінің күн тәртібінде - климаттың өзгеруі, цифрландыру және сауда
Дүйсенбі күні Эммануэль Макрон мен Дональд Трамп сандық салық туралы мәселе бойынша келісімге келді.
Бұған дейін америкалық көшбасшы Париждің интернет алыптарының кірістеріне салық енгізу туралы шешіміне жауап ретінде француз шараптарына баж салығын саламыз деп хабарлаған болатын. Саммит аясында екі елдің қаржы министрлері ымыраға келу туралы келісімге қол қойды.
Германия канцлері Ангела Меркельмен екіжақты кездесу барысында АҚШ президенті Иранның ядролық бағдарламасы мен Еуропалық Одақтың сауда қатынастарын талқылайды.
Сонымен қатар, форумға қатысушылар табиғи өрттермен, оның ішінде Амазонканың ормандарындағы өрт жағдайларымен күресу стратегиясын әзірлеуге кірісті.
- Ұлыбритания оларды қорғауға 12 миллион доллардан астам қаражат бөледі, - деді премьер-министр Борис Джонсон.
Қарқынды келіссөздерге қарамастан, келіспеушіліктерге байланысты әлемдегі ең ірі жеті экономиканың жетекшілері қорытынды коммюникеге қол қоймайтыны белгілі.
euronews.com