Саясат

Халқыма қызмет еткім келеді: Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанға қайтып оралмақ

Мемлекет қазір қиын жағдайда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеті жыл шетелде қызмет еткен Ермұхамет Ертісбаев елге қайтып оралады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

2013-2017 жылдары Қазақстанның Грузиядағы, 2017-2019 жылдары Қазақстанның Беларуссиядағы елшісі болған Ертісбаев енді Қазақстанға келіп қызмет етпек.

Аталмыш сайтқа берген сұхбатында Ертісбаев елге оралуының басты мақсаты – қазір қиын жағдайда тұрған өз еліне қызмет ету екенін атап өтеді.

 - Қазір Қазақстанда маңызды қоғамдық-саяси жағдайлар болып жатыр, сондықтан өз елімде, өз халқыммен бірге болғым келеді. Елшілік қызмет маңызды әрине, алайда 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін, еліме оралуым керек деп берік шешім қабылдадым. Өйткені Назарбаевтан кейінгі кезең ел үшін өте ауыр болары анық. Бұған соңғы бес айда болып жатқан жағдайлар куә, - дейді саясаткер.

Сөз барысында Ертісбаев соңғы уақыттары қазақстандықтардың саясатқа жиі араласа бастағанын әрі халықтың оянғанын ерекше атап өтті.

- Қазақстан электоральды революцияға аяқ басты. Украина, Грузия мен Армения бұған ерте аяқ басып үлгерді. Яғни, электоральды революция деп халықтың сайлауға белсенді араласуын, араласып қана қоймай, сайлау үрдісін толық бақылауына алуын айтып отырмын. Халық, әсіресе, сайлау дауысын есептеуге ерекше көңіл бөлуде. Халықтың көкірек көзі ашылды, биліктің бастау көзі өздері екенін сезінді. Сондықтан алдағы парламенттік сайлау мен жергілікті билікті тағайындау қазіргі билік үшін қиын сынақ болмақ. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан ерекше саясиланып кеткен, - деп атап өтті.