Bugin
Биыл «Серпін» бағдараламасы бойынша бөлінген 5000 гранттың тек 2400 гранты ғана қажетке жарады
Мұндай статистиканы елдің Білім және ғылым министрлігі ұсынып отыр.
- «Серпіннің» алғашқы түлектері былтыр оқу бітірді. Барлығы – 931 адам. Оның жартысы жұмысқа орналасты. Қалғандары келесідей жағдайларға байланысты міндеттемелерден босатылды: кейбіреуі магистратураға оқуға түсті, кейбіреуі отбасылық жағдайларына байланысты туған жеріне қайтып кетті. Биыл 5000 гранттың 2400-і ғана пайдаға жарады, - дейді ҚР БҒМ бас маманы Олжас Шоқаев.
Аталмыш бағдарламамен білім алған түлектерді бюджеттік мекемелердегі жұмыстар да қызықтырып отырған жоқ. Айтуларынша, еңбекақы аз және баспана жоқ.
Ал былтыр Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасымен білім алған түлектердің 70%-ы туған ауылдарына қайтып кеткен.