Weekend
Қорғалатын жануарлар тізіміне енгізілді
Жойылудың алдында тұрған флора мен фаунаның қатарына акулалар мен скаттардың 18 түрі енгізілуі мүмкін.
Бұл шешімді жексенбі күні Женевада съезге жиналған, 1975 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, CITES халықаралық ұйымының делегаттары қабылдады. Конвенцияның міндеті – жануарлар мен өсімдіктердің 35 мыңнан астам түріне қорғау шараларын ұйымдастырып, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің сатылымына қауіп төндірмейтіндей жағдайлар жасау.
- Яғни, Үкіметтің тиісті рұқсатнамасы болмаса, онда аңшылар акуланың етін импорттай алмайтын болады, - деді Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Халықаралық саясат жөніндегі вице-президенті Сьюзен Либерман. – Ал рұқсат дегеніміз бұл экспорттаушы елдердің үкіметтері ашық теңізде тұрақты балық аулаумен айналысатынын білдіреді деген сөз.
Соңғы шешім күшіне енуі үшін оны сәрсенбіде пленарлық отырыста CITES делегаттары мақұлдауы керек.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметі бойынша, заңсыз сауда, оның ішінде акула етімен, жүзбеқанаттарымен және терісімен сауданы қоса алғанда, жылына миллиард долларға дейін пайда түсетін көрінеді.