Weekend

Johnson & Johnson компаниясы 6 мың адамның өліміне себеп болды деп айыпталып отыр

572 миллион доллардан астам төлеуге міндеттеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ соты Johnson & Johnson компаниясын Оклахома штатында опиоидты індеттің таралуына қатысы бар деп танып, оны 572 миллион доллар айыппұл төлеуге міндеттеді.

- Оклахомалық судья Тад Балкон дүйсенбі күні Johnson & Johnson штатындағы опиоидты дағдарысқа қосқан үлесі үшін 572 миллион доллар төлеуі тиіс деп қаулы қабылдады, - деп хабарлайды NBC News телеарнасы.

Сот деректеріне қарағанда, аталмыш фармацевтикалық компанияның Janssen атты филиалы 1990 жылдардан бері ауруды басатын дәрілер жасап келеді, алайда дәрігерлер бұл дәрмектердің адамды тәуелділікке шалдықтыратынын біле тұра, ештеңе істемеген. Таратуды тоқтатпаған. Штат билігінің пікірінше, бұл препараттарды сату Оклахомада соңғы екі онжылдықта 6 мыңнан астам өлімге әкеп соққан.

Johnson & Johnson-ның қорғаушылары кез келген заңға қайшы әрекеттерді жоққа шығарды және айыптаушылар заңды дұрыс түсінбеді деп сендірді.

Johnson & Johnson – дәрі-дәрмек, санитарлық-гигиеналық тауарлар мен медициналық жабдықтар өндіретін, бүкіл әлем бойынша 250-ден астам еншілес компаниясы бар америкалық холдинг.

Tengrinews.kz