Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті
телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұл
туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік
Уәли хабарлайды.
Бұған дейін
Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты
төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР
Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, "Қазақстан
темір жолы" ҰҚ" АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып
қызмет атқарды.
Сондай-ақ республикалық "КТК" және
"Қазақстан" телеарналарында жұмыс істеген.