Weekend

Ди Каприо Амазонияға көмек ретінде бес миллион доллар бөледі

Өрттің биылғы аумағы 2018 жылғы өрттен 82% көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Леонардо Ди Каприо құрған Earth Alliance қайырымдылық қоры өртеніп жатқан Амазон ормандарына көмек ретінде 5 млн доллар қаржы бөлмек. 

- Earth Alliance ұйымы жергілікті халыққа көмек көрсетуге және орманның биологиялық қорын сақтап қалуға тырысып жатқан жергілікті ұйымдарға қол ұшын беру үшін 5 млн доллар жұмсайтын болады. Бұл қаржыға төтенше жағдайға қажетті заттар сатып алынады, - делінген Twitter-дегі ұйымның хабарламасында.

Бұған дейін Франция президенті G7 Амазондағы орман өрттерін сөндіру үшін шамамен 20 миллион еуро көлемінде шұғыл көмек жіберетінін айтқан болатын. Канада да 15 миллион доллар бөлетініне кепіл берді. Елдің бастамасы G-7 отырысында келісілген жалпы көмек пакетіне кірмейді.

Амазондағы орманның өртеніп жатқанына бір аптадай уақыт болды. Олардың аумағы 2018 жылғы өрттен 82%-ға көп. Бразилияның Ұлттық ғарыштық зерттеулер институтының (INPE) мәліметінше, бейсенбі мен жұма күндері ғана елде 1666 жаңа өрт тіркелген, олардың жартысы Амазон ормандары.