Экономика
Мұндай жағдайы 11 жылда бірінші рет болып отыр
Юаньның долларға шаққандағы бағамы айтарлықтай арзандап кетті. Бұған Қытай мен АҚШ-тың арасында ушығып кеткен сауда соғысы себеп болып отыр.
Өткен жұмада Пекин билігі Америкадан тасымалданатын 75 млрд доллардың тауарына баж салығын өсіріп, америкалық автокөліктер мен бөлшектерге салынатын баж салығын 25 пайызға дейін көбейткен болатын.
Ал бұған қарсы АҚШ билігі қытайдан тасымалданатын 250 млрд доллардың тауарына салынатын салықты 25 пайыздан 30 пайызға дейін өсіретінін мәлімдеген еді.
Осы дүйсенбіде Трамп қытай билігінің америка әкімшілігіне хабарласып, сауда мәселелерін талқылауға ұсыныс айтқанын мәлімдеген еді. Өз кезегінде, Трамп та бұл мәселені ақылдасудан кет әрі емес.
Алайда Қытайдың сыртқы істер министрі Гэн Шуан болса, «АҚШ Қытайды қорқыта алмайды, қоқан-лоққы көрсетуді доғаруы тиіс» деп мәлімдеген болатын. Әрі АҚШ-тан келетін 550 млрд доллардың тауарға салынатын салықты өсіріп, қарымта қайтаратынын айтты.