Bugin

Маңғыстау әкімінің бұрынғы орынбасары он жылға сотталды

Ірі көлемде пара алғаны үшін Серік Аманғалиев 10 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі бүгін, 27 тамыз күні, шықты.

"Құрмет" мемлекеттік орденінен айырылған Серік Аманғалиев жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтетін болды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Лада басылымына сілтеме жасап.

Ал экс-орынбасардың қорғаушысы Сәуле Қобжанованың айтуынша, судьядан мұндай қатаң үкім күтпеген көрінеді. Судья оған айыппұл төлететін шығар деп жорамалдаған екен.

- Біз соттың шешімімен келіспейміз. Соңғы уақыттары жемқорлыққа қатысы бар тұлғаларға айыппұл төлетуге басымдық беріліп жүргені белгілі. Оның үстіне, ол кінәсін мойындап, өкініп отыр. Сондықтан біз бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек жаза түрін береді деп ойладық. 60 жастағы адамды бас бостандығынан айыру үшін адами факторларды ескеру керек. Менің қорғаушым өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген, оның еңбегін де ұмытпаған жөн. Өмір бойы мемқызметте жүрсе де, байлыққа кенелген емес. Адал еңбек етті. Соттың шешіміне шағым түсіретін болады, - деді адвокат.

Айта кету керек, Серік Қалешұлы 2018 жылдың қарашасында Ақтау әуежайында 115 мың еуромен ұсталған еді. Оған мемлекеттің мүддесіне қайшы ауыр жемқорлық әрекетке барды деген айып тағылған.