Саясат

Алмазбек Атамбаев жұбайымен кездесті

Не сөйлескені белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың жұбайы Раиса күйеуімен кездесті. Бұл жөнінде адвокат Сергей Слесарев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Kabarlar.org сайтына сілтеме жасап.

Заңгердің айтуынша, әйелінің Атамбаевпен кездестіруді өтінген жауабын рұқсат етіп жауап берген. Басқа жақын туыстары, соның ішінде балалары әлі мұндай өтініш білдірмеген.

- Процедураға сәйкес олар да өтінішін бере алады. Ерлі-зайыптылардың не туралы сөйлескені және қандай өтініштер айтылғандығы белгісіз. Кездесудің қанша уақытқа созылғанын да білмеймін. Бірақ менің қорғалушым өзін қанағаттанарлық сезінеді.  Ол ешқандай қосымша өтініш білдірген жоқ, - деді Сергей Слесарев.

Алмазбек Атамбаевты 26 тамызға дейін ҰҚК-нің тергеу изоляторына қамаған болатын. Бір күн бұрын сот бұлтартпау шарасын 26 қазанға дейін ұзартты.

Алмазбек Атамбаевқа аса ауыр қылмыстар - құқық қорғау органдарына қатысты зорлық-зомбылық, адам өлтіру, кепілге алу, жаппай тәртіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа байланысты айыптаулар тағылуда.