Саясат
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон жақын арада украиналық көшбасшы Владимир Зеленскийді қолдау курсы аясында Украинаға баратынын хабарлады.
- Киевтегі әріптестерімізбен кездесетін күнді асыға күтемін. Біз Президент Зеленскийдің реформаларды және Украинаны нығайту мен өркендету бағытындағы әрекетін қолдаймыз, - деп жазды Болтон өзінің Twitter-де.
Маусым айында Болтон Зеленскийді жаңа украин көшбасшысы ретінде сайлау Донбастағы қақтығысты реттеу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деген пікір білдірген болатын.
Сондай-ақ, Foreign Policy журналының дереккөздері хабарлағандай, Трамптың көмекшісі ағымдағы аптаның ішінде Белоруссияға да барады. Сапардың мақсаты туралы хабарланбады. Болтон соңғы екі онжылдықта елге келгендер арасында АҚШ-тың ең жоғары лауазымды өкілі болады.
Басылым сондай-ақ қыркүйек айында Минскіге АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл келуін жоспарлап отыр. Ол жергілікті билік өкілдерімен елдегі американдық дипломатиялық өкілдіктердің кеңеюін талқылайды.