Саясат

Руслан Дәленов 2020 жылға болжам жасады

ҚР Ұлттық экономика министрі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің нақты өсімі 4,1 пайызды құрайтын болады. Бұл туралы бүгін  Үкімет отырысында еліміздің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының ықтималды үш сценарийі қаралды. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастыру үшін базалық сценарий негізге алынды. Ол мұнай бағасын 55 доллар көлемінде көздейді. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2020 жылы 4,1 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2024 жылы ол 4,7 пайызға жетеді. Орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4 пайызды құрайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторына айналады. Салалық бөліністе негізгі өсім шикізаттық емес секторына тиесілі болады. Бұл - өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және құрылыс. Аталған салалардың орташа өсімі 4,7 пайызға жетеді. Жалпы ішкі өнімнің өсуіндегі салымы 3,5 проценттік тармақты құрайды.

«Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннаға, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Өндірудің өсуі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ Теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру есебінен болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 триллион теңгені, ал 2024 жылы - 106 триллион теңгені құрайды. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2020 жылы 10,5 мың долларды құраса, 2024 жылы ол 14,3 мың долларына дейін ұлғаяды», - деді Руслан Дәленов.

inform.kz