Саясат

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ант берді

Ата Заңмен ант етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бердібек Сапарбаевтың орнына келген жаңа министр Біржан Нұрымбетов Ата заңға ант берді берді хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар плартформасы Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің кезекті отырысын ашу барысында елдің премьер-министрі Асқар Мамин жаңа министрлер кабинетімен таныстырды.

- «Үкімет туралы» Конституциялық заңға сәйкес, министр қызметіне алғаш келгендер ант беруі тиіс, - деді Мамин.

- Халықтың және Қазақстан Республикасы президентінің алдында бар күшім мен білімімді туған Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуына арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын ұстануға, кез келген істе заң мен әділеттілік қағидаттарын қолдануға, азаматтық пен ұлтаралық келісімді сақтауға, Қазақстан халқына адал еңбек етуге ант беремін, - деді Біржан Нұрымбетов.

Айта кетейік, жақында ғана Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босаған Бердібек Сапарбаевтың орнына Біржан Нұрымбетов келген еді.

Бұған дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары және Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.