Woman

Әдемі әйелдерден әдемі әйелдерге 13 кеңес

Бәрі өзіңіздің санаңызда және қолыңызда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
  1. Біз күніне кем дегенде 8 стақан су ішеміз. Су – бұл су. Ал, шай, кофе, компот, т.б. – сұйықтық! Су жеткіліксіз болса, нашар метаболизм, артық май және целлюлит - бәрі қабаттасып кетеді.
  2. 1-2 стақан су ағзамызға ең алғашқы түсетін зат (аш қарынға). Осылай денемізді оятып, метаболизмді жақсартамыз.
  3. Егер біз шыдай алмай, түрлі тағамдарды жеп қоятын болсақ (әйел затына тән нәрсе ғой), онда ... ештеңе болмағандай жалғастыра береміз. Бірақ желінген затымызды спортпен шығарып аламыз.
  4. Метаболизмді жақсарту үшін біз ішеміз: лимоны бар су, метаболикалық шай (екі тілім зімбір, бір шымшым даршын, лимон шеңбері және пышақ ұшындай қайен бұрышы. Тек сау асқазан үшін). Метаболизмді жақсарту үшін біз жейміз: даршын, зімбір, бұрыш қосылған тағамдар, грейпфруттар, лимон.
  5. Біз таңғы ас, түскі ас, кешкі асты өткізіп алмаймыз, арасында жеңіл-желпі әлденіп те жүреміз. Біз ешқашан аш жүрмейміз.
  6. Біз қантсыз көп шай ішеміз.
  7. Біз алтыдан кейін тамақтанамыз. Ұйқыға  2-3 сағат қалғанда емес.
  8. Біз тәулігіне 7-8 сағат ұйықтаймыз, әйтпесе ағзамыз күйзелісті сезінеді және май жинай бастайды, кейін  целлюлитке де алыс емес.
  9. Біз өздігінен (өз-өзімізге) массаж жасаймыз, теңіз тұзы қосылған ванналарды қабылдаймыз (түссіз!).
  10. Біз өнеркәсіптік өндіріс өнімдерінің санын азайтамыз (шұжықтар, сосискалар, консервілер және т.б.).
  11. Біз полисатталған майларды болдырмауға тырысамыз.
  12. Біз спортпен шұғылданамыз.
  13. Біз өзімізді жақсы көреміз! Өте, өте қатты жақсы көреміз!