Саясат
Бірақ басқа мүліктері іздестіріліп жатыр
Қырғызстанның Бас прокуратурасы Алмазбек Атамбаевтың мүлкіне қойылған арестің кейбірін шешіп тастады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Knews.kg сайтына сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, 20 мүлікке қойылған шектеу алынып тасталды: Бішкек қаласының мөлтек ауданында орналасқан 18 пәтер мен көпқабатты үй және «Телерадиоұйымы қауымдастығы» бірлестігі.
Дегенмен елдің Бас прокуратурасы Ұттық қауіпсіздік бөлімшелері мен Ішкі істер министрлігінің бөлімдеріне Атамбаев пен оның жанұясына тиесілі басқа да мал-мүлікті іздестіруге, одан жемқорлықтың белгілерін табуға тапсырма беріп отыр.