Саясат

Өзбекстан «сақалдылардың» сақалын күшпен қырып жатыр

Діни радикализммен күреспек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында құқық қорғау органдары орталық "Малика" базарына рейд жасап, сақалды азаматтарды ұстап әкеткен. 

Олар ұсталғандарды полиция мекемесіне апарып, сақалдарын күшпен алып, үйлеріне қайтарған. Аталмыш ақпарат жайлы екі жақты пікір бар.

- Аталмыш жайт туралы МІІМ ешқандай ақпарат білмейді, - дейді арнайы құрылымдар.

Алайда сол базарда саудагер болып қызмет ететін кәсіпкер, бұл ақпараттың рас екенін мәлімдеді. Оның өзі дәл осындай рейдтің құрбаны болғанын жайып салды. Ал Facebook қолданушысы Джамолиддин Мухаммад "Озодликке" берген сұхбатында, ұсталған сақалдыларды расымен орталық мекемеге апарып, олармен арнайы сұхбаттасып, суретке түсіріп, артынша сақалдарын қырғызып тастайтынын жеткізді. Оның сөзінше, егер ұсталғандар бұған келіспесе, онда ол жерден шығуы да екіталай екен.