Саясат
Ішкі істер министрлігі қашан реформаланады?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгін, 27 тамыз күні, Алматы тұрғындары Қазақстан халықаралық адам құқығы жөніндегі бюро ғимаратының алдында флешмоб өткізді.
Акцияға қатысқан азаматтар қолдарына қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кеткенін талап еткен плакаттар алып шықты.
Плакаттарда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да сөзі бар: «В мире полицейский — друг человека, а у нас кто?» (Дүниежүзінің полицейлері – адамның досы, ал біздікілер кім?).
- Жиналған азаматтарды бір-ақ нәрсе біріктіріп отыр: ол полиция пен басқа да мемлекеттік органдардан әділеттілік таба алмай, заңды құқығын қорғай алмағандар. Қоғам Ішкі істер министрлігінің реформаланғанын күте-күте шаршады. Соңғы уақыттары полицейлер қатыгездікке жиі баратын болды: белсенді азаматтар мен ат қойылып, айдар тағылып жүрген «митингке» қатысқан, не жанынан өтіп бара жатқандарды жаппай ұстауда. Ал қылмыспен күресуге келген кезде, - дәрменсіз. Полицияның өзі жемқорлыққа батып барады, - дейді шараға қатысушы Елшат Кенжин.
Белсендінің сөзіне қарағанда, 2018 жылдың қараша айында өткізілген, 24 адам қол қойған, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ішкі істер министрінің атына жазылған ұжымдық арыз-шағымнан әлі хабар жоқ. Ал арызданушылар ол хатта Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Серік Күдебаев пен оның орынбасары, полиция полковнигі Нұрқаевты қызметтен босату туралы талап қойған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61