Bugin
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Кеңес барысында Президентке республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі параметрлері баяндалды.
Президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға, Есеп комитетімен өзара тығыз ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ негізсіз имидждік және консалтингтік шығындарды қысқартуға шақырды.
Соңында Мемлекет басшысы Үкіметке бюджет үдерісіне бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша тиімді әрі маңызды жобаларды қаржыландыруы тиіс.