Hi-Tech

Танымал физик оқушыларға виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстар істелетін кешен тарту етті

Бесқарағай ауданы мен Тассай ауылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Танымал физик, математика ғылымдарының докторы Адамбек Татенов физика, химия, биология пәндерінен виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстар істеуге болатын кешенді сыйлады. Оның көмегімен балалар химиялық реакцияларды қауіпсіз орындап, физика, математика пәндерінен берілген әртүрлі сынақ жұмыстарын компьютердің көмегімен жасай алады. Бүгінде Қазақстан мен өзге мемлекеттерде бұл кешеннің бірде бір аналогы жоқ. 
- Біз жылдар бойы интерактивті-лабораториялық материалдардың базасын жинақтаймыз. Электронды оқулықтар қағаз оқулықтардың орнын алмастырып, аудио, видео түрінде түрінде береді. Ал виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстар балалардың қызығушылығын оятады. Мәселен, физиканың тарауларында оқушылардың қабылдауына қиын тақырыптарды интерактивті көру арқылы оңай меңгеруге болады. Бұл өз кезегінде балаларды ынталандырады, - деді Адамбек Татенов.
Оқушылар мен мұғалімдерге түсінікті болу үшін атомдардың құрылыс мен коваленттік байланыстар, ДНК-ның құрылысы сынды материалдар екі-үш түрлі модельде ұсынылған. 
Барлық реакциялар мен тәжірибелер дәлме-дәл келеді. 
Ал лабораторияда биологиялық процесстер, былай деп түсіндіріледі. Мәселен, өсімдіктің салмағы аз немесе көп болуы, генетикалық белгілер қалай пайда болады, аққуыз неден тұратынына дейін көрсетіледі. 
Адамбек Татеновтің айтуынша, мұғалімдер осы тәсілдің арқасында оқушылар екі жарым ай бойы оқитын материалдарды бір аптаның ішінде меңгеріп алғандарын жеткізді. Бұл ұстаз үшн сабақтың сапасын арттырудың ең тиімді тәсілі. Ал ең бастысы оқушылар нағыз білім жолын таңдаушыларға айналады.