Bugin

Елордада гейлер мен лесбиянкалардың шеруі өтпейтін болды

Хат дұрыс толтырылмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елорданың әкімдігі «ЛГБТ-ұйымдарының заңды құқығы мен мүддесін қорғауға» бағытталған шеру шарасын өткізуге рұқсат бермеді. Бұл жайлы әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева хабарлады.

Әкімдік өкілінің айтуынша, белсенді Айдар Елкеевтің жазған өтініш хаты нормативтік актілерге сәйкес келмейді. Яғни, митинг өткізу туралы өтініш хат шара өтетін күннен 10 күн бұрын берілуі тиіс болатын. Ал ЛГБТ белсендісі болса, өтінішті 22 тамыз күні әкеп өткізген еді. Наразылық өтетін күнді 30 тамыз деп белгілеген екен.

Ал хаттың берілу мерзімі оның жергілікті органдарға келіп тіркелген күнінен басталады.

- Жоғарыда аталған негіздемелерге сай, митинг өткізуге рұқсат сұрау туралы хатқа жауап берілмейді, өйткені ол нормативтік-құқықтың актілерге сай рәсімделмеген, - дейді баспасөз хатшысы.

Айта кеткен жөн, Елордалық белсенді Айдар Елкеев 22 тамыз күні «ЛГБТ-ұйымының заңды құқықтарын қорғауға» қатысты наразылық шарасын өткізу туралы әкімдікке өтініш әкеп тапсырған. Оның біріне елорданың әкімі Алтай Көлгіновке жіберілсе, екіншісі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа жіберілген.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61