Саясат
Солтүстік Корея – АҚШ – Оңтүстік Корея
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФранция, Германия және Ұлыбритания Солтүстік Кореяның ракеталық және ядролық бағдарламалары жойылғанға дейін КХДР-ға қарсы барлық санкцияларды сақтауға шақырды, деп үш елдің атынан БҰҰ жанындағы Германия елшілігінің орынбасары Юрген Шульц мәлімдеді.
Бұған дейін Франция, Германия және Ұлыбритания елдері Солтүстік Кореяның зымырандарды сынақтан өткізіп жатқан әрекетін БҰҰ-ның Қауіпсіздік комитетінің жабық отырысында талқылауды сұраған болатын.
- Ұлыбритания, Франция және Германия бұл талқылауды сұраған себебі - Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарды ұшыруына алаңдаушылық танытып отыр. Біз де Солтүстік Кореяның әрекетін айыптаймыз, - деді Шульц.
Үш мемлекеттің пікірінше, «КХДР толық, тексерілетін және қайтымсыз денуклеаризация бағытында нақты қадамдар жасауы тиіс».
- Біз Солтүстік Кореяны президент Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның келісімі бойынша АҚШ-пен сындарлы келіссөздер жүргізуге шақырамыз. Халықаралық санкциялар Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық бағдарламалары жойылғанша күшінде толық және қатаң сақталуы керек, - деді Шульц.
Сенбі күні таңертең КХДР Жапон теңізіне қарай аз қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды екі рет ұшырған болатын.
Бұл 5 - 20 тамыз аралығында өткен және Солтүстікте жағымсыз реакция тудырған АҚШ – Оңтүстік Корея жаттығулары аяқталғаннан кейін алғашқы ұшырылымдар болды. Осы уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ын АҚШ пен Оңтүстік Корея жаттығулары аяқталған кезде зымырандарды тоқтатуға уәде бергенін айтты.
Жексенбіде Кореяның Орталық Телеграф Агенттігі (КОТА) әскер «алдыңғы қатарлы үлкен РОЖ» ұшырылымын сәтті сынағанын хабарлады. КОТА хабарлауынша, сынақтар КХДР басшысы Ким Чен Ынның басшылығымен өтті.
РИА Новости
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61