Саясат
Сауданың үштен бір бөлігін ұлттық валютамен сатпақ
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ресеймен тауар айналымын айтарлықтай арттырып, оны $100 млрд-қа дейін жеткізу міндетін алға қойды. Бұл туралы ол 2019 халықаралық авиағарыш салонының ашылу салтанатында мәлімдеді.
- Біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы қазірдің өзінде 25 миллиард доллардан асады, бірақ біздің міндетіміз - 100 миллиард долларға жеткізу, - деді Ердоған.
Ол сондай-ақ, Анкара мен Мәскеу арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың тамыры тереңде екендігін атап өтті. Оның пікірінше, Ресеймен ынтымақтастық авиациялық және ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін береді.
Түркия басшысы Ресейден келетін туристер ағымына ерекше мән беретіндігін өткенді. Оның есептеуінше, биыл Түркияға 6 млн орыс туристерді келуі мүмкін.
Ресей мен Түркия өзара саудадағы есеп айырысудың үштен бір бөлігін ұлттық валютада жүзеге асырып отыр.