Саясат

Ердоған Сирияға әскер кіргізбек

Бұл туралы президенттің өзі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия Қарулы Күштерінің Құрлықтағы бөлімдері таяу уақытта Сирияның солтүстігіне қарай бағытталатын болады. Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды NTV телеарнасы.

Оның айтуынша, қазір түрік әскери және барлау ұшақтары мен тікұшақтары Сирияның солтүстігінде жүр. 

- Әскерлерді шекараға көшіру жалғасуда, - деді Ердоған.

Оның айтуынша, Сирияның солтүстігінде түрік әскерінің болуының арқасында Анкара "аймақтағы жағдайды жақыннан бақылауға және қауіпсіздік аймағын құру жоспарын жүзеге асыруға" мүмкіндік алады. Түрік басшысы республиканың осы аймақты құру бойынша күш-жігері нәтиже беріп жатқанын және оны "ешкім тоқтата алмайтынын" атап өтті.