Саясат

Юань сауда соғысы салдарынан құлдырап кетті

Қытай жауап қайтаруға уәде берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардағы шиеленісуі кесірінен юаньның долларға шаққандағы бағамы құлдырап кетті. Бұл 11 жылда бірінші рет болып тұрған жағдай еді. 

Жұма күні Пекин АҚШ-тың импортына жылына 75 миллиард долларға қосымша баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Қытай америкалық автомобильдер мен автобөлшектерге 25 пайыздық баж салығын енгізіп тастады.

Бұған жауап ретінде АҚШ президенті Дональд Трамп 250 млрд долларға бағаланған қытайлық тауарларға салынатын баж салығы 1 қазаннан бастап 25%-дан 30%-ға дейін көтеріледі деді. 1 қыркүйектен бастап енгізілуі жоспарланған $ 300 млрд тауарларға жаңа баж салығы 10% емес, 15% болатындығын жеткізді.

Дүйсенбі күні Трамп Қытай өкілдерінің америкалық ресми тұлғаларға қоңырау шалып, сауда мәселелері бойынша кеңестерді жалғастырғысы келетінін хабарлады. Өзінің Твиттерінде ол осы оң қадамды құптайтынын және Президент Сиге үлкен құрметпен қарайтынын жазды.

Сонымен бірге, Қытай СІМ-нің өкілі Гэн Шуан «Америка Құрама Штаттары Қытайды қорқыта алмайтынын және бағаламауларын тоқтатулары керек» деді. Егер АҚШ жалпы сомасы 550 миллиард доллар болатын ҚХР-ның өніміне импорттық баж салығын көтерсе, онда Қытай жауап қайтаруға уәде береді.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61