Саясат
Елдің Ішкі істер министрлігі ресми жауап ұсынды
ҚазТаг тілшісінің Ішкі істер министрлігін реформалауға арналған гранттар туралы ресми сұрау хатына Қазақстанның ішкі істер министрлігі ешқандай да грант бөлінген жоқ деп жауап берген.
- Орталық мемлекеттік органдардың өтініштері оларға бағынысты мемлекеттік мекемелердің ұсыныстарын ескере отырып жасалады. Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігіне гранттар тарту бойынша ұсыныстар болған жоқ. Соған орай, Ішкі істер министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетінде гранттық жобаларды, оның ішінде Ішкі істер министрлігін реформалауға арналған қаражат бөлінген жоқ, - деп жауап берген ҚР ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры м.а. Айжан Есімбекова.
Соңғы уақыттары Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметіне шағымданған наразылықтар мен арыз-шағымдар көбейіп кетті. Мәселен, кешке ғана Алматының бір топ белсенділері мен тұрғындары қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуін талап еткен қарсылық акциясын өткізген болатын.
Ал 19 шілде «Біз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін реформалауды талап етеміз» азаматтық бастамасының белсенділері баспасөз конференциясында 4 тамызда бейбіт митингіге шығатындықтарын мәлімдеді. 3 тамызда олар полицияға жауап алуға шақырылды. Жауап алу кезінде олардан ҚДТ-ға (елде тыйым салынған ұйым) деген көзқарасы мен Ішкі істер министрлігінің кейбір гранттары туралы сұрақ қойылған.