Саясат
Александр Лукашенконың қандай мақсаты бар?
Алдағы іс-шаралар кестесі Минскідегі өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев пен Белоруссияның Сыртқы істер министрі Владимир Макейдің кездесу барысында талқыланды.
Екі тарап, 2019 жылдың қазан айында Қазақстанға аттанатын сапардың дайындығын талқылады. Макей Беларусь тарапының қазақстандық серіктестермен өзара қарқынды дайындықты жүзеге асыратынын атап өтті.
Беларусь СІМ басшысының мәліметінше, Лукашенконың сапары барысында жаңа ғимаратта Белоруссия елшілігінің ашылу рәсімі қарастырылғанын, сонымен қатар Беларусь және Қазақстан компанияларының қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланғаның атап өтті.
Ертісбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуда елшілік күш-жігеріне тұрақты қолдау көрсеткені және көмек көрсеткені үшін Беларусь тарапына ризашылығын білдірді.